syrmedia.kz
  • Главная
  • Новости
  • Политический обзор
  • Мнения
  • EN
Нет результатов
Посмотреть все результаты
  • Главная
  • Новости
  • Политический обзор
  • Мнения
  • EN
Нет результатов
Посмотреть все результаты
syrmedia.kz
Нет результатов
Посмотреть все результаты
Главная Новости

Таза Қазақстан: Алматыда апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу және алып тастау басталады

от Сырым Иткулов
31.05.2024
в Новости

Абаттандыру және көгалдандыру: Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасады

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағында апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу және алып тастау жұмыстары жүргізілуде.

Биыл 29 мамырдан 29 маусымына дейін ағаштарды санитарлық мақсатта кесу ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, 1, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар сынды жалғыз өзі тұратын әлеуметтік осал топқа (ХӘОТ) жататын жандардың ауласында жүргізіледі. 

ХӘОТ-тен ағаштарды санитарлық мақсатта кесу бойынша өтінім Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында тел.: 338-30-24 бойынша қабылданады. Ағаштарды санитарлық мақсатта кесу қажеттілігін анықтау үшін алдын ала тексеруден кейін аудан әкімдіктері тиісті іс-шаралар өткізеді. 

Айта кететін нәрсе, ауа-райының қолайсыздығы кезінде құлау қаупі бар апатты жағдайдағы ағаштарды алып тастау жұмыстары Алматыда ерекше бақылауда. Ағаштардың жай-күйінетұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Ауру, құраған, қауіпті апатты ағаштар кесіледі. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ағаш кесу туралы шешім жалпыға бірдей қорытынды шыққан соң қабылданады. Оның орнына 10 есе мөлшерде көшет отырғызылады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен мегаполисте бір айда 30 мыңнан астам жапырақты ағаш және 5 мың бұта отырғызылды, бұл Нью-Йорктің барлық орталық саябағынан көп.

«Алматы – бақ қала» акциясы барысында қаланың барлық ауданында 8 205 жасыл желекотырғызылды, оның 4 мыңнан астам алма. Тұрғындарға өз ауласын көгалдандыру үшін 3 мың көшет таратылды. «Мектеп ауласының оазисі» фестивалі аясында алматылық оқушылар 20 мыңнан астам гүл, 430 жеміс ағашы және 200 туи көшетін отырғызды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы елді мекендер аумағын көркейту мен көгалдандыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыруға, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған.

Предыдущая запись

Как молодежь и ветераны возрождают яблоневые сады в Алматы

Следующая запись

Алматыда «Таза Қазақстан» аясында алғашқы креативті эко-хаб ашылды

Похожие материалы

«2026 – это новый 2016»: важные события в Казахстане в 2016 году
Новости

«2026 – это новый 2016»: важные события в Казахстане в 2016 году

25.01.2026
Хищение бюджетных средств в частных школах
Новости

Хищение бюджетных средств в частных школах

25.01.2026
В Казахстане будут поощрять за «особое уважение» к госсимволам
Новости

В Казахстане будут поощрять за «особое уважение» к госсимволам

25.01.2026
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ СПОРТА ПРОВЕЛ ТОРЖЕСТВЕННОЕ МЕРОПРИЯТИЕ «ОЛИМПИЙСКОЕ ЛИДЕРСТВО 2026»
Новости

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ СПОРТА ПРОВЕЛ ТОРЖЕСТВЕННОЕ МЕРОПРИЯТИЕ «ОЛИМПИЙСКОЕ ЛИДЕРСТВО 2026»

24.01.2026
Стали известны номинанты на премию «Оскар-2026»
Новости

Стали известны номинанты на премию «Оскар-2026»

23.01.2026
Реформа парламента и Народный совет: что предложил Токаев на курултае
Новости

Реформа парламента и Народный совет: что предложил Токаев на курултае

20.01.2026
  • О проекте SyrMedia
  • Контакты
  • Политика конфиденциальности
  • Правила использования материалов
Свидетельство о СМИ: KZ35VPY00073604
Дата выдачи: 13.07.2023

© 2023 SyrMedia.kz - Новости.

Нет результатов
Посмотреть все результаты
  • Главная
  • Новости
  • Политический обзор
  • Мнения
  • EN

© 2023 SyrMedia.kz - Новости.