Қазақтелеком өзінің Sapa+ стратегиялық жобасын іске асыруды жалғастыруда. Өткен жылдың қазан айында басталған жоба қарқын алуда – компания мамандары бес айда бүкіл Қазақстан бойынша 300 мың роутер орнатқан. Компания ескі жабдықты жаңасына жаңарту немесе қосымша роутер орнату – бүкіл ел бойынша он мыңдаған пайдаланушылар сезінетін интернет сапасын едәуір жақсартатынына сенімді.
Sapa+ жобасына қатысуды тексеру және жаңа роутерларды орнатуға өтінімді клиенттер өздеріне ыңғайлы тәсілмен бере алады. Яғни, telecom kz мобильді қосымшасы арқылы, telecom.kz сайты арқылы онлайн өтініш бере алады немесе 160 нөміріне қоңырау шалу арқылы, сондай-ақ компанияның абоненттік бөлімдері арқылы. SAPA+ критерийлеріне сәйкес келетін клиенттер бірден арнайы хабарлама алады. Сонымен қатар, telecom kz қосымшасының басты бетінде өтінім беру үшін қосымша түйме бар.
Сайттағы мәртебесін тексеру үшін https://telecom.kz/sapa-plus сілтемеге өту жеткілікті. Өтінім нысанына Қазақтелекомның дербес шоты иесінің ЖСН және мобильді нөмірін енгізу, бұдан әрі нұсқаулықтарды орындау қажет.
Сонымен қатар, клиенттер тегін 160 нөміріне қоңырау шалып, роутерды орнатуға өтініш қалдыра алады.
«Бүгінгі таңда біз өз клиенттерімізге 300 мыңға жуық жаңа роутер орнаттық және компания бұл жұмысты тек өз есебінен және құрылғыны пайдалану үшін қосымша жалдау ақысыз жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Яғни, клиенттер ешқандай артық шығынға ұшырамайды және қосылған тарифке сәйкес қызметтерді төлеуді жалғастырады», – деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақтелекомға күн сайын түрлі арналар арқылы жаңа роутер орнату туралы жүздеген өтініштер келіп түсуде. SAPA+ жарты жылға жуық уақыт қана іске асырылып келе жатқанымен және компания жоба туралы әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында және корпоративтік байланыс арналары арқылы белсенді түрде айтылып жүргенмен, компанияның кеңесшілері мен инсталляторларына күмәнмен және сенімсіздікпен қарайтын, кейде тіпті оларды алаяқтар деп атайтын клиенттер әлі де бар.
Қазақтелекомда жоба ауқымды және бүкіл республика бойынша қатар жүзеге асырылып жатқанын тағы да еске салады. Компания мамандары жаңа құрылғылар қоймаларға түскен сәттен бастап жаңа жабдыққа белсенді өзгертіп отырады.